Жалған лаңкестік үшін сотталған физика мұғалімі рақымшылық бойынша өтініш берді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыдағы Орталық әмбебап дүкенге жарылғыш зат қойылғандығы туралы полицияға хабарласып, жалған хабар берген физика пәнінің мұғалімі өзінің жаза мерзімін рақымшылық бойынша қысқарту туралы өтініш берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Бүгін сотқа түзету мекемесінің әкімшілігінен сотталушы Юрий Пактың өтелмеген жаза мерзімінің 4/1 бөлігін рақымшылық бойынша қысқарту туралы өтініш келіп түсті», - деп түсіндірді Қарағанды облысы Абай аудандық сотының судьясы, БАҚ-пен жұмыс жөніндегі үйлестіруші Ардақ Жұмашев.

Юрий Пак қазіргі таңға дейін 2016 жылдың 3 қазанынан 2017 жылдың 3 наурызына дейін - толық бес ай жазасын өтеді.

Еске сала кетсек, 3 қазан күні сот үкімімен Юрий Пак террористік акт туралы көрінеу жалған хабар тарату бойынша сотталды. Оған жалпы режімдегі түзету мекемесінде екі жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Тергеудің анықтауынша, физика пәнінің мұғалімі полицияға Қарағандыдағы сауда орталығы ғимаратына жарылғыш заттың қойылғандығын хабарлаған. Алайда, педагогтың өзі бұл іске қатысы жоқтығын айтты.

Юрий Пак ісі үлкен қоғамдық резонанс тудырды. Оның айыпсыз екеніне сенімді қазақстандықтар жалған лаңкестік үшін екі жылға сотталған қарағандылық мұғалімге қолдау білдіріп, петицияға қол қой ды. Онда жазалау үкімі шыққан физика пәнінің оқытушысы Юрий Пактің ісін қайта қарау сұралған. Алайда, Қарағанды облыстық сотының сот алқасы мұғалімге шығарылған үкімді өзгеріссіз қалдырды .