2021 жылғы қыркүйектен 2022 жылғы наурызға дейін бір топ тұлғалар мүліктік пайда алу мақсатында нақты қызметтер көрсетпей, жұмыстарды орындамай және тауарларды жөнелтпестен, бақылаудағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің атынан шот-фактуралар беру бойынша іс-әрекеттерді жасауға жәрдемдесті.
Олар өз әрекеттерімен мемлекетке өтелмеген 1 млрд теңгеден астам салық сомасында аса ірі көлемде зиян келтірген.11:10, 09 Тамыз 2023
Жалған шот-фактуралар жазып, мемлекетке 1 млрд теңге сомада зиян келтірген топ сотталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қаржы мониторингі агенттігінің елордалық департаменті жұмысты, қызмет көрсетуді және жүктерді жөнелтуді нақты орындамай, жалған шот-фактураларды жазып беру фактісі бойынша бір топ тұлғаға қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.