АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан бокс федерациясы президентінің жарлығымен Тукешов Жалғас Бөкенбайұлы республикалық федерацияның бірінші вице-президенті қызметіне тағайындалды.
«Жалғас Тукешов бокс жанкүйерлеріне танымал маман, көп жыл бойы кәсіби бокс кештерін ұйымдастыруымен айналысып, промоутерлік қызмет атқарған. Бокстан ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен. Қазақстан Республикасының спорт шебері», - делінген федерацияның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Өткен айда Қазақстан бокс федерациясы президенті тізгінін Шахмұрат Мүтәліп ұстаған еді. Бұған дейін федерацияны Кеңес Рақышов басқарды.
Сондай-ақ, бокстан Сидней Олимпиадасының күміс медаль иегері Мұхтархан Ділдәбеков Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті лауазымына тағайындалды.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.