Жалғас Жұмағұлов АҚШ-та грэпплинг турнирінде жеңімпаз атанды

Фото: Фото: Sports.kz

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық Жалғас Жұмағұлов АҚШ-тың Веллингтон қаласында өткен NAGA (Солтүстік Америка грэпплинг ассоциациясы) грэпплинг турнирінде жеңімпаз атанды.

Финалдық жекпе-жекте American Top Team командасының намысын қорғаған Ж.Жұмағұлов американдық Рэймонд Пэйджден басым түсті. Осылайша қазақстандық спортшы NAGA чепиондық белбеуіне ие болды.

Жалғас Жұмағұлов (16-9) аралас жекпе-жектен соңғы сайысын ақпан айында Naiza FC 57 турнирінде өткізді. Бұл жарыста төрешілердің бірауыздан щешімімен американдық файтер Кливленд Маклинді (17-12) тізе бүктірді.

Еске салсақ, жастар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық еркін күрес шеберлері үздік атанды.