АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін «Алматы Арена» спорт кешенінде аралас жекпе-жектен NAIZA 57 турнирі өтті. Аталған турнирдің басты жекпе-жегінде қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов америкалық қарсыласынан басым түсті.
Атап айтсақ, жерлесіміз үш раундқа жоспарланған айқаста америкалық файтер Кливленд Маклинмен (17-11) жұдырықтасып, төрешілердің шешімімен қарсыласынан басым түсті.
Осылайша, Жалғас Жұмағұлов кәсіпқой мансабындағы он алтыншы жеңісіне қол жеткізсе, Кливленд Маклин он екінші рет жеңіліске ұшырады.
Айта кетейік, Жұмағұлов үшін бұл UFC-тен кеткеннен кейінгі екінші жекпе-жек болды. Ол желтоқсан айында Naiza FC 55 турнирінде жапондық файтер Масато Накамураны (9-8) бірінші раундта нокаутқа түсірген болатын.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.