Ол Лас-Вегаста (АҚШ) UFC Fight Night 215 турнирінде өнер көрсетеді. Онда Жұмағұлов америкалық файтер Чарльз Джонсонмен (11-3) жұдырықтасады. Айқасты UFC-дің ресми сайтынан көруге болады. Жекпе-жек Астана уақыты бойынша шамамен 02:00-де басталады.
Қазіргі уақытта Жалғас Жұмағұлов UFC-де бес жекпе-жек өткізді. Олардың біреуінде жеңіске жетсе, қалған төртеуінде жеңіліп қалды. 34 жастағы қазақстандық спортшы бұған дейін рингке маусым айында шықты, төрешілердің шешімімен ол америкалық Джефф Молинадан жеңілді.
UFC Жалғас Жұмағұловтың келесі айқасының датасын жариялағаны туралы хабарлаған болатынбыз.
Фото: sports.kz