20 қарашаға қараған түні Жұмағұлов Лас Вегастағы (АҚШ) UFC Vegas 65 турнирі аясында америкалық Чарльз Джонсонмен (11-3) октагонға шығады.
Шара қарсаңында қазақстандық спортшы ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Жалғастың салмағы - 57,15 килограмм болды.
Айқасты UFC-дің ресми сайтынан көруге болады. Жекпе-жек Астана уақыты бойынша шамамен 02:00-де басталады.
Жалғас Жұмағұлов бүгінгі күнге дейін UFC-де бес жекпе-жек өткізді. Оның біреуінде жеңіске жетсе, қалған төртеуінде жеңіліп қалды.
34 жастағы қазақстандық спортшы бұған дейін рингке маусым айында шықты, төрешілердің шешімімен ол америкалық Джефф Молинадан жеңілді.
UFC Жалғас Жұмағұловтың келесі айқасының датасын жариялағанын хабарлаған болатынбыз.