Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі жекпе-жегі алдында қарсыласымен көз түйістірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 24 маусымда қазақстандық боксшы Жалғас Жұмағұлов (14-8) Джексонвиллде (Флорида, АҚШ) UFC on ABC 5 турнирінде америкалық Джошуа Вангпен (7-1) жұдырықтасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Астана уақытымен кеше түнде қарсыластар көз түйістіру рәсімін өткізді. Оның видеосы UFC Eurasia Instagram парақшасында жарияланған.
Шара қарсаңында турнирге қатысушылардың ресми салмағын өлшеу рәсімі де өтті. Жұмағұлов 56,92 келі нәтиже көрсетіп, жеңіл салмақтағы шекті (57 келі) орындады.