Жалғас Жұмағұлов UFC-ден шығарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Аралас жекпе-жек шебері, қазақстандық Жалғас Жұмағұлов (14-9) UFC файтерлері тізімінен шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz порталына сілтеме жасап.

Фото: instagram.com/team_zhumagulov_official

Бұл туралы лиганың ростеріндегі өзгерістер туралы жариялайтын UFC Roster Watch Twitter-аккаунтында хабарланды.

Еске сала кетсек, Жалғас Жұмағұлов 24 маусымда өткен соңғы жекпе-жегінде UFC дебютанты америкалық Джошуа Ваннан жеңіліп қалған.

Бұл «Жаконың» қатарынан төртінші және UFC-де алтыншы жеңілісі болды. Сонымен қатар, Жұмағұлов төрешілердің бөлек шешімімен үшінші рет қатарынан жеңілді.