Жалғас Жұмағұловтың жекпе-жегінің мерзімі мен өтетін орны белгілі болды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жалғас Жұмағұлов (12-3) Fight Nights Global атағын Али Багаутдиновке (19-6) қарсы жекпе-жекте қорғайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Жекпе-жек Fight Nights Global турнирінде 19 қазанда Сочиде (Ресей)өтеді.

ЖалғасЖұмағұлов жеңіл салмақтағы Fight Nights Global атағын 2018 жылы ТагирУланбековпен болған кездесуде жеңіп алды. Алайда, судьялардың шешімі ол кездеүлкен дау тудырды. Ол кездесу Қазақстан астанасында өткен болатын.

Айта кетейік,жеңіл салмақта Жалғас Жұмағұловқа тиесілі Fight Nights Global белдігінеталасатын ресейлік спортшы Багаутдинов титулды жекпе-жек өткізу үшінҚазақстанға келуден бас тартты, ол қазақстандық судьяларды әділ шешім шығармайдыдеп есептейді.

Соңғы жаңалықтар