Медицина қызметкерлерінің ақпаратына сәйкес жаралы азаматтың қай жерден әкелінгені анықталды. Тәртіп сақшылары үй иесі 30 жастағы келіншекті күдікті ретінде ұстады. Тергеу барысында азаматшаның екі бала тәрбиелеп, қаза болған жігітпен отбасы құруды жоспарлап жүргені анықталды. Күдікті әйелдің түсініктемесінде жігіттің Өзбекстан елінің азаматы екені белгілі болды. 27 жастағы жәбірленуші Іле ауданына жұмыс іздеп келген. Ер азаматтың ешқандай құжаты табылмағандықтан тәртіп сақшылары қазір оның аты-жөнін нақтылап жатыр.
Күдіктінің айтуынша, зардап шеккен жігіт пышақты әйелдің қолына ұстатып, өз қолымен кеуде тақап, сұғып алған.
Келіншектің түсініктемесі сот алды тергеу кезінде толық тексеріледі. Қазір ол бойныша ҚР ҚК-нің 106-бабы, 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің тұрақты мекен жайы және екі баласы бар екенін ескере отырып, қолхатпен үйіне жіберілді.