Жалоловтың жекпе-жегі өтпейтін болды

Фото: Фото: Ulrik Pedersen/Getty Images

ТАШКЕНТ. KAZINFORM - Аса ауыр салмақтағы өзбекстандық боксшы, екі дүркін Олимпиада чемпионы Баходир Жалолов келесі жекпе-жегін ертең таңертең Канаданың Монреаль қаласында өткізуі керек еді, деп хабарлайды Kazinform Өзбекстан кәсіпқой бокс федерациясына сілтеме жасап.

Өкінішке қарай, оның француз Дэвид Спильмонтқа қарсы жекпе-жегі тоқтатылды. Бұған Жалоловтың ерніндегі кішкентай ұшық себеп болған. Боксшылар ресми салмақ өлшеу рәсімін өткізіп үлгерген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Баходир Жалолов кәсіпқой мансабында осы уақытқа дейін 14 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Дэвид Спильмонт осы уақытқа дейін 25 жекпе-жек өткізіп, 16 жеңіс, 8 жеңіліс және 1 тең ойын көрсетті. Ол өзінің 11 жеңісін нокаутпен жеңген.

Баходир Жалолов Иван Дычкомен жекпе-жек өткізу-өткізбеуі жайлы түсінік берген еді.