Оның сөзіне қарағанда, қалалықтардың саны 9215,6 мың (54,7 пайыз), ауылдықтар 7621,1 мың (45,3 пайыз) адамға жетті.
«2012 жылдың басымен салыстырғанда жалпы ел бойынша халық саны 161,3 мың адамға немесе 1 пайызға көбейді (2011 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 152,5 мың адамға немесе 0,9 пайызға өсті)»,-деді Ә. Смайылов.
Атап айтқанда, қаңтар-тамызда республика халқының табиғи өсімі 160,4 мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффиценті 1000 тұрғынға шаққанда 14,3 адамды құрады.