АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің өсімі бес пайыз деңгейінде болжанып отыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті.
«Бүгін Үкімет 2014 жылдағы республикалық бюджетке өзгерістерді қарастырған болатын. Жалпы алғанда біз жалпы ішкі өнім өсімін бес пайызға дейін қарастырып отырмыз», - деді Қайрат Келімбетов.
Осы орайда ол 9 айдың қорытындысы бойынша ЖІӨ өсімі 4 пен 5 пайыз аралығындағы деңгейде болжанып отырғандығын жеткізді.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.