Оны "Сентрас Иншуранс" компаниясының Басқарма төрағасы Талғат Үсенов бүгін Алматыда нарықтағы автосақтандыру қызметін жетілдіру жайында өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Өткен жылы автосақтандыру нарығындағы дағдарыс тереңдеді. 2008 жылы басталған бұл дағдарыс алдыңғы жылы 9 пайызды, ал былтыр 15 пайызды құрады. Әйтсе де бұл күрделі банк секторы сияқты күрделі жағдайда емес. Ол барлық саланы бірдей қамтып отырған жоқ. Өйткені сақтандыруды енгізу әзірге айтарлықтай деңгейде емес. Сақтандыр сыйақысын жинаудың көлемі қазір 80 миллион доллар", дейді Талғат Үсенов. "Сентрас Иншуранс" сақтандыр компаниясы" АҚ-ның Басқарма төрағасының айтуынша, сақтандыру сыақысының үлесі жалпы ішкі өнімде 0,65 пайызды құрайды. Ол дамыған елдерде 15 пайыз болса, Шығыс Еуропа елдерінде орта есеппен 7-8 пайызды құрайды. Сондай-ақ сақтандыру сыйақысының көлемі жан басына шаққанда республикада 50 долларды, ал Шығыс Еуропа елдерінде 1 мың евроны құрайды. Қазіргі таңда тұтынушыдан алыс өнім боп тұрғанмен, жалпы Қазақстандағы сақтандыру нарығының болашағы өте зор.