деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«2003-2007 жылдары мұнай-газ секторы ел экономикасында жыл сайын 10 пайыздық дамуды қамтамасыз етті. Қазақстан экономикасы мұнай-газ секторына қаншалықты тәуелді дегенге келетін болсақ соңғы 8 жылда мұнай-газ секторының үлесі ЖІӨ-де 10 пайыздан, 22 пайызға жуық өсті. Мұнай-газ секторының кірісі мемлекеттік жалпы жиынтық кірісінің 30 пайызын қамтамасыз етті. Көмірсутек ресурстары жалпы экспорттың 63 пайызын, ал минералдық ресурстардың 73 пайызын құрайды», дейді Қоғамдық-мемлекеттік саясатты зерттеу орталығының атқарушы директоры Меруерт Махмұтова. Оның айтуынша, 1990 жылдардан кейін шетелдік тіке инвестицияда мұнай-газ саласының шырқау шыңы 72-74 пайызға жеткен еді. Дегенмен соңғы жылдары ол өзгеріп, былтыр 18 пайызға дейін азайды. Бұл инвесторлардың өзге салаларға қаржы салуына байланысты орын алып отыр.