«Кез-келген ғылыми-зертеу жұмысы объекті анықтаудан басталады. Терминдерді дәл анықтап, пайдаланбай ғылым еш уақытта өзінің мақсат-міндетіне жетпейді. Өкінішке орай біздер, тарихшылар күні бүгінге дейін өзіміздің зерттеу нысанымызды қазақ тарихы емес Қазақстан тарихы деп атауымыз үлкен қателіктерге ұрындырып жүр», - дейді тарих ғылымының докторы Қамбат Атабаев. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессорының пайымдауынша, Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы әр кезеңде әртүрлі пішінде көрініс тартты. Көтерліс пен ереуіл ұлт-азаттық қозғалыстың белгілі бір көрінісі. Ұлт-азатттық қозғалыс - қазақ тарихының мақтан тұтар үлкен бір саласы. Жалпы қазақ жеріндегі тарихты жасаған бірден-бір ұлт - қазақ. Қазақстанда бір ғана ұлт бар, қалғаны диаспоралар. Сондықтан Қазақстан тарихын қазақ тарихынан бастау керек.
16:04, 13 Желтоқсан 2012
Жалпы қазақ жеріндегі тарихты жасаған бірден-бір ұлт - қазақ, тарихшы Қамбар Атабаев
АЛМАТЫ. 13 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстан тарихының басты объектісі қазақ тарихы болу керек. Бұл мәселе бүгін Алматыда өткен «Қазақ көтерілістері: әлеуметтік себептері және саяси сабақтары» деп аталатын ғылыми-тәжірибелік конференцияда сөз болды.