«Қазір отандық кинематографияда кинематографистер қызметінің белсенділігі байқалады. 2020 жылы 273 фильм шығарылды, оның ішінде қазақстандық кино – 36, ал 2021 жылы 354 фильм, оның ішінде 31 - қазақстандық фильм. 2022 жылы кинотеатрларда 449 фильм шығарылды, оның 60-ы отандық. Өткен жылы жалпы кинопрокаттағы отандық фильмдердің үлесі шамамен 14,5%-ды құрады. Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет саясаты тұжырымдамасы шеңберінде отандық фильмдердің үлесін біртіндеп арттыру шараларын қарастырады» - делінген министрліктің ҚазАқпарат тілшісінің сұрауына берген жауабында.
Тұжырымдама шеңберінде мәдениет және спорт министрлігі 2030 жылға қарай отандық фильмдердің, оның ішінде анимациялық фильмдердің үлесін жалпы кинопрокатта 35 пайызға дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Осы көрсеткішті іске асыру үшін барлық отандық киноиндустриялық компанияларды қамти отырып, ұлттық фильмдер шығару бойынша жүйелі мемлекеттік қолдау ұсынылады.
«Сондай-ақ, отандық фильмдер түрлі кинопрокат платформаларында ұсынылатын болады. Бұдан басқа, қазақстандық кино күндерін ұйымдастыру, отандық фильмдердің халықаралық кинофестивальдер мен кино нарықтарына қатысуын қамтамасыз ету арқылы қазақстандық фильмдерді шетелде ілгерілету жөнінде шаралар қабылданатын болады», - деп мәлімдеді ведомстводан.