Бұл туралы бүгін өңір басшысы Серік Ахметовтің төрағалығымен облыстық әкімдікте өткен кеңес барысында «Қазақстан коммуналдық желілері» ЖШС -жекеменшік стансы-компаниясының жетекшісі мәлім етті.
«Біз Қытайға барып, «СМЕС» экспорттық-импорттық корпорация өкілдерімен келіссөздер өткіздік. Бұл компания қуаттылығы 300-350 МВт болатын жылу блогын орнату арқылы Қарағанды ЖЭС-3-ті кеңейтуге дайын екендігін қуаттады», - дейді ол.
Сонымен қатар, қытайлық NEPDI институты осы жобаны жүзеге асыруға қатысуға ниетті.