Жалпы құны шамамен 200 млрд теңгенің 15 жобасы қарастырылып жатыр - ҚР АШМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазіргі таңда Ауыл шаруашылығы министрлігі 15 жоба бойынша инвестициялық ұсыныстарды қарастыруда.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша жобаларды мемлекеттік қолдау «Агробизнес - 2020» бағдарламасының және ҮИИД МБ екінші бесжылдығының басыңқы міндеттерінің бірі. «Атап айтқанда, австриялық және неміс серіктестерінің қатысуымен етті мал шаруашылығында кластерді құру бойынша 4 жобаны жүзеге асыру ұсынылып отыр. Мәселен, «Евразия Агро Холдинг» ЖШС өндіріс қалдықтарын қайта өңдеу бағытымен бірге, жылына 17 мың тонна етті өндіретін қуаттылықпен қайта өңдеу кешенін салуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ ,құс өнімінің импортын 50 пайызға дейін қысқартуға мүмкіндік беретін голландиялық, австриялық және украиналық компаниялармен 90 мың тонна қуаттылығымен 3 құс фабрикасының салынуы қарастырылып отыр», делінген ҚР АШМ баспасөз қызметінің мәліметінде. Мұнымен қоса, өсімдік майы мен сүт өнімдерін өндіру бойынша жобалар қарастырылуда. Танымал шетелдік компаниялардың қатысуы озық тәжірибені енгізумен қатар, заманауи технологиялардың таратылуына, қазақстандық өнімнің экспортын кеңейтуге мүмкіндік беретін халықаралық нарықтарды қалыптастыруға өз септігін тигізбек. Жобалардың жалпы құны шамамен 200 млрд. теңгеден аспақ. «Серпінді жобалардың тізіміне қажет болған жағдайда түзетулер енгізіледі»,-деп атап өтілген ведомство хабарламасында.