АП 162/2 мекемесінде жазаларын өтеп жатқандар партаға отырды. Заң бойынша, жасы 30-ға толмаған азаматтардың барлығы орта білім алуға құқылы.
«Орта мектепте 186 сотталушы оқиды. Колония қызметкерлері мұнымен шектеліп отырған жоқ - оқу шеберханаларында кәсіпқой электр дәнекерлеушілері мен токарьлар дайындап жатқанымызға бес жылдың жүзі болды» - дейді АП162/2 мекемесінің бастығы Ерсайын Нұртазинов.