деп хабарлайды қалалық ҚАЖК департаметінен.
Қылмыстық атқару жүйесі комитеті департаменті бастығының орынбасары Ермек Қожахметовтың айтуынша, Президенттің «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылау барысында оның әлеуметтік бағыты ерекше аталып өтілді.
Сонымен қатар Жолдауда қылмыстық атқару жүйесіне тікелей бағытталған міндеттер болды. Атап айтқанда, Н.Назарбаев өз Жолдауында «Қылмыстық атқару жүйесіндегі адамдардың АИВ және туберкулез ауруларынан көз жұмуы мен сырқаттану деңгейіне баса назар бөлу керек», - деп атап өткен болатын.
Іс-шараның соңында қонақтар режімді нысандағы әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлармен танысып, жазасын өтеп жатқан 20-ға жуық адамды жеке мәселелері бойынша қабылдады.