«Мемлекет басшысының пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жөніндегі тапсырмасын орындау жұмыстары жалғасуда. Прокуратура бұл саладағы алыпсатарлықтың жолын кесе алды. 2012 жылдан бері жалпы сомасы 420 млрд. теңгеден астам қаржыны құрайтын жер телімі мемлекетке қайтарылды», - деді ол.
Мәселен, Бас прокурордың атап өтуінше, Алматы облысында «GateCity» жобасы құрылысы үшін қымбаттатылған бағамен үш жер телімі сатып алынған. Осыған орай қазіргі уақытта прокуратура органдары заңсыз төленген соманы өндіру туралы сотқа талап арыз берді. Аталған мәміледегі асыра көрсетілген сома 900 млн. теңгеден асып жығылады.
Игерілмей жатқан жерлерді мемлекетке қайтару жұмыстары Батыс Қазақстан облысында да дұрыс жолға қойылған. Атап айтқанда прокурорлар кадастрлық құны 3,5 млрд. теңгені құрайтын 990 пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерін анықтап отыр. Қазірдің өзінде кадастрлық құны шамамен 2 млрд. теңгені құрайтын 272 учаске мемлекетке қайтарылды.