Жалпыға міндетті оқу қорынан қандай көмек қарастырылған

НҰРСҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордалық оқушыларды жаңа оқу жылына дайындау қалай іске асып жатқанын Нұр-Сұлтан қаласы Білім беру басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әнуар Жанғозинәлеуметтік аз қамтылған санатқа жататын оқушыларды жаңа оқу жылына дайындау екібағытта жүргізілетінін айтты. Оның бірі жалпыға міндетті оқу қоры арқылы іскеасса, екінші бағыт «Мектепке жол» және «Жүректен жүрекке» акциялары арқылыөтеді.

«Жалпыға міндеттіоқу қорының көмегіне атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың, жан басынашаққандағы табыс көлемі төменгі күнкөріс мөлшерінен аспайтын жанұялардың,төтенше жағдайға тап болған үйлердің балаларына және ата-анасыныңқамқорлығынсыз қалған оқушыларға қарастырылған. Қордың аясында көмектің бірнешетүрі енген. Яғни, күніне бір рет ыстық тамақ, мектеп формасы, спорттық киім,кей жағдайда қысқы жылы киімдер, мәдени-спорт шараларға қатысу шығыны, отбасымүшесі төтенше жағдайда қайтыс болған жағдайда қаржылай көмек, ай сайынтолтырылатын жолақы карточкасы, кеңсе тауарлары және жазғы лагерь тегінұйымдастырылады», - деді ол.

Басқармабасшысының айтуынша, әр мектептің жалпыға міндетті оқу қоры бюджеттен оқужылына бөлінген қаражаттың бір пайызынан кем болмауы тиіс.

«Өткен оқужылында қор арқылы 2000-нан астам бала көмек алған. Биыл әзірге 5000-нан астамөтініш түсті. Алдағы уақытта бұл сан 8000-нан асады деген болжам бар», - дейдіӘнуар Жанғозин.

Ол сондай-ақаталмыш қаражатқа алынған мектеп формасының сапасына сын көп айтылатынынатоқталды.

«Форманың сапасыбойынша шағымдар көп түседі. Биыл осы формаларды қабылдап алатын комиссияқұрамына ата-аналар да кіретін болады», - деді басқарма басшысы.

Брифинг барысында«Мектепке жол» акциясының аясында көмек алуға 3000-ға жуық бала тіркелгені деайтылды.

«Былтыр акцияаясында 7,5 мың балаға 153 млн теңгенің көмегі көрсетілген болатын. Биыл дадемеушілерді осы акцияға белсенді қатысуға шақырамыз. Бұл акция аясында еңәуелі оқушыларды кеңсе тауарларымен, мектеп және спорт формасымен қамтамасызетуге басымдық беріледі. Акция қандай да бір себептермен жалпыға міндетті оқуқорының көмегіне енбей қалған оқушыларға арналған», - деді ол.