«Жоқ, санақ деректері біздің серверлерде сақаталады. Бірақ деректердің қауіпсіздігі мен тасымалдануы арнайы органдар қойып отырған талаптардың бәріне сай. Бұл жерде қауіпсіздік тұрғысынан ғана органдар талап қоятынын айтып отырмын», - деді бюро басшысы.
Ресми дерек бойынша, екі аптада Халық санағының онлайн кезеңіне қатысқандардың саны 3 млн адамнан асқан.
«Халық санағы басталған күннен бастап екі апта өтті. Өздеріңіз білетіндей, қазіргі уақытта ол тек онлайн режимде өтіп жатыр. Санақ сұрақтарына жауап беруді бірнеше тәсілі бар. Бұл - арнайы Sanaq.gov.kz сайтын, eGov порталында авторзациялану арқылы, Aitu мобильдік қосымшасын пайдалану мүмкіндігі бар. Бүгінгі сағат 14.00-дегі жағдай бойынша, санақтан 3 млн 24 мың азамат өтті», - деді Нұрболат Айдапкелов.