Кітап авторы Ирина Серкебаева бір аулада тұрған әкесімен шығармашылық байланыста болған Жамал апа есінде еміс-еміс қалғанымен оның әндерін тыңдағанда сол баяғы балалық шаққа қайта оралғанын айтады. Кітапта әншінің жастық шағы өнерге қадам басқан сәттері мен кәсіби әншілік биігі достары мен ұрпағының әңгімесі арқылы өріледі. Кітаптың тұсаукесер рәсіміне келген әншінің ұрпақтары «қанда бар қасиет жоғалмайды», - дейді. Қазір Жамал апаның немерелері де ән айтады.
«Әрине біз ол кісіні мақтаныш тұтамыз, ол кісінің айтқан өлеңі «Менің Қазақстаным» деген қазір енлұранға айналды. Елұранды айтып тұрған кезде біз әр уақытта да анамыздың даусы құлағымызға келіп тұрады. Оған өте қуанамыз, мақтанамыз», - дейді Ж.Омарованың келіні Ләззат Омарова.