Бұл туралы QSport.kz порталы канадалық боксшының Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап хабарлады.
Кук өзін қолдаған жанкүйерлеріне алғыс айта келіп, Қазақстаннан екі бірдей чемпиондық белдікті алып қайтуға барын салатынын жеткізді.
Еске сала кетейік, Қанат Ислам (24-0,19КО) канадалық Брэндон Кук (18-0, 11КО) жекпе-жегі 9 қыркүйек күні Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде өтеді. Отандасымыз бірінші орта салмақтағы WBO NABO және WBA Inter-Continental белдіктерін қоғайды.