Мазарды салған сәулетші Әбіш Құнанқараұлы.
Жаманқара тоқсанның күмбезі композициялық құрылысы жағынан өзге күмбездерге ұқсамайды. Күмбездің жобасы «крест» түрінде жасалынған. Сондықтан төрт беті бір қалыптас, қай жағынан қараса да бірдей болып көрінеді. Кіретін аузы сүйір екі тірек аралығының доға тәрізді жабыны түрінде келіп, оңтүстікке қараған. Өзге беттерінде михрабқа ұқсаған жалған есіктері бар. Екі тірек аралығының доға тәрізді жабынының екі жақ босағасына жұмыр кірпішпен қос бағана өріліп шығарылған.
Көзге түсетіні - басқұр өрнегімен тартқан сыртқы белдеулері (фриз). Жаман қара тоқсанның күмбезі бес күмбезді. Оның төртеуі крест жобаның бүйір қабаттарына орнатылса, ең биігі ортасына қойылған.
Күмбездердің түрі шошақ, олардың қалауын «жалған еңсе» шығару әдісімен жүргізген.
Дерек көзі:
«Қазақ мәдениеті» энциклопедиялық анықтамалығы.