Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы тағайындалды

Фото: Қаржы министрлігі

АСТАНА. KAZINFORM — Меритократия қағидасына сәйкес Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы болып Ғани Қойбағаров тағайындалды. 

Оның еңбек өтілі - 21 жыл. Алматы Экономика және статистика академиясы мен Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін тәмамдаған.

ММЖК жүйесінде 18 жыл 7 ай жұмыс істеп келеді. Қызметті бас маманнан бастап департамент басшының орынбасарына дейін көтерілген.

Кейінгі 5,5 жылда Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті басшысының орынбасары болып еңбек етті. 

Айта кетейік, саясат, экономика, бизнес, ғылым, мәдениет секілді түрлі салада ел дамуына елеулі үлес қосқан танымал қазақстандықтардың өмірбаяны мен қызықты мәліметтерді мына жерден оқи аласыз.