Антикордың дерегінше, Мұрадов пен Телеуов қалалық қаржы бөлімінің лауазымды адамдарынан бұрын тәркіленген және соттың шешімі бойынша жойылуға жататын темекі өнімінің орнына 200 мың АҚШ доллары сомасында пара бергені үшін, ал Үкімбаев - парақорлыққа делдал болғаны үшін кінәлі деп танылды.
Сот үкімімен Мұрадовқа - 10 жыл, Телеуовқа - 9 жыл, Үкімбаевқа 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
- Сонымен қатар, Үкімбаев өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан айырылды, - деп жазды ведомстводан.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетейік, Жамбыл облысында қарулы полиция қызметкері ұсталды.