Артынша залалды бағалау жөніндегі 4 арнайы комиссия құрылып, 3 тұрғын үй жарамсыз деп танылды. Нәтижесінде 1 үйдің құрылысы жүргізіліп, екі отбасыға баспана сатып алынды.
Ал, 53 үй жөндеуден өтті.
63 тұрмыстық техника мен жиһаздың зақымдалғаны анықталды. Шығын көлемі 4,8 млн. теңгені құрайды. 600 үй мен ауласы дезинфекцияланды. 9 жарық бағанасы реттеліп, жаңадан бесеуі орнатылды.
Бұдан бөлек, бүлінген жолдарды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бірқатар көше арық және дренаж жүйесімен жабдықталды.
Жаңа баспанға ие болған ақ жаулықты ана Айткүл Құлжабайқызы батасын жаудырып, ел мен жердің амандығын тіледі.
Ал, жаңатастық Смағұловтар отбасы «Басымызға іс түскенде қолдауды сезіндік. Уәде етілген уақытта баспанаға ие болып отырмыз. Алғыстан басқа айтарымыз жоқ» деп, жергілікті билікке ризашылығын білдірді.
Осылайша сел жүру кезінде зақымдаған дүниелерді қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталды.