Былтыр 68 жас дәрігер «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша облыс ауылдарына барған. Облыс бойынша аудан әкімдері 6 маманға қызметтік пәтер берген.
Ал қызметтік баспана қарастырылмаған аудандар 2 дәрігерге жалдамалы пәтердің бір жылдық қаражатын өтеген.
Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Толқын Өмірбаеваның айтуынша, биыл аймақта «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 204 маманға 1 миллиард теңге қарастырылған. Оларды тұрғын үймен қамту үшін де тиісті жұмыстар жүріп жатыр.