Су тасқыны жағдайы қалыптасқан өңірлер үшін көмек жүгі бар керуенді Қырғыз Республикасы төтенше жағдайлар вице-министрі Эдельбек Құлматов бастап келді. 7 фура мен екі пикаптан тұратын керуенде сондай-ақ,15 қырғыз құтқарушысы бар.
Жамбыл облысында аталған автоколоннаны Жамбыл облысы ТЖД бастығы Арман Тоқанов, оның орынбасары Руслан Орынбеков және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қарсы алды. Қиын-қыстау кезеңдерде қазақстандықтарды қолдағаны үшін алғыс білдірген облыс кәсіпкерлері жүргізушілер құтқарушыларды тамақтандыру жағын ұйымдастырды. Ел аумағы бойынша облыстардың полиция департаменттерінің бөлімшелерімен сүйемелдеу жағы да ұйымдастырылды.
Гуманитарлық көмек Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай және Маңғыстау облыстарына жіберіледі.
Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысынан Атырауға техникалар жөнелтіле бастағанын жазған болатынбыз.