Жамбыл облысынан Атырауға техникалар жөнелтіле бастады
TARAZ. KAZINFORM – Жамбыл өңірінен 107 техника мен оның жүргізуші-механиктері Атырау облысына көмекке аттана бастады.
Су тасқынынан зардап шеккен өңірдің бірі – Атырау облысына арнайы техникалардың алдыңғы легі, атап айтқанда 20 техника вагондарға тиеліп, жөнелтіле бастады. Техникалардың қатарында жүк көліктері, автокран, цистерналар, жүк көтергіштер бар.
«Жоспарланған 107 техниканың бүгін 20-сын темір жол платформасына тиеп жатырмыз. Мұнда барлығы аранйы техникалар. Қалған техникаларды да біртіндеп жөнелте береміз. Техниканың жүргізушілері жолаушылар пойызымен аттанады.
Көліктер мен механиктеріміз Атырау халқына қолдан келгенше көмек көрсетіп, бәрі реттеліп, қалыпқа келген соң қайтады», – деді Жамбыл облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ерболат Сейтбек.
Бұған дейін Су тасқыны: 6 облыста республикалық маңызы бар 13 жол жабылғанын хабарлаған болатынбыз.