Жамбыл облысында 11 пәтер мемлекетке қайтарылды

Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі тұрғын үй саласына жүргізген мониторинг барысында қызметтік пәтерлерді заңсыз алу және тұру фактілерін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат .

Фото: gov.kz

Департаменттің бастамасы бойынша заңсыз берілген 11 пәтер мемлекеттік тұрғын үй қорына қайтарылды.

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірініші орынбасары Д.Омаров айтты.

Айта кету керек, өткен жылы тұрғын үй кезегінен 3 мың 600 адам шығарылды. Қызметтік пәтерлерді заңсыз алуға тосқауыл қойылып, бұл мәселе департаменттің тұрақты бақылауында болатынын жеткізді.