Жалпы биыл облыстағы мектептердің барлығына интернет желісін жүргізу үшін 635 миллион теңгеден астам қаржы қаралған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесі орталығының директоры Сағадат Бесінбаев айтты.
«Өткен жылы облыста 165 мектептің интернеті 20 мбит/сек-тан төмен болатын. Ал биыл 12 мектеп қана осындай көрсеткіште тұр. Олардың жылдамдығын көтеру үшін облыстық цифрландыру және архивтер басқармасымен бірлесіп техникалық мүмкіндіктер қарастырылып жатыр. Жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамтамасыз ету үшін облыстағы 53 мектеп „Starlink“ пилоттық жобасына енгізілген», — деді ол.