Жамбыл облысында 168 жұмысшының зейнетақы жарнасы мен әлеуметтік аударымдары төленбеген

ТАРАЗ. KAZINFORM – Бұл туралы Жамбыл облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі мәлім етті.

Фото: Kazinform

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, өңірде Жуалы ауданының прокуратурасы еңбек заңнамасының сақталуына талдау жүргізді.

Талдау нәтижесінде «Жуалы су» КМК-де қаржылық шығындарды негізсіз жоспарлау салдарынан 168 жұмысшыға 2026 жылғы ақпан-мамыр айлары аралығында жалпы сомасы 2,6 млн теңгеден астам зейнетақы жарналары, сондай-ақ 3 млн теңгеден астам әлеуметтік аударымдардың төленбегені анықталды.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешек толық өтеліп, кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапқа тартылды.

-Осылайша, Жуалы ауданының прокуратурасы жұмыскерлердің конституциялық құқықтарын қорғады. Бұл бағыттағы жұмыс ерекше бақылауда,-делінген хабарламада.

Осыған дейін Қостанай прокуратурасы 13 кәсіпкердің құқығын қорғаған болатын.