Осы жұмыс аясында Жамбыл облысында маневрлік генерация қондырғыларын салу жобасы жүзеге асырылуда. Жақында Қытайдан Жамбыл облысына қуаты 50 МВт, Қытайда өздігінен әзірленген алғашқы G50 (F-класы) газ турбинасы жөнелтілді.
Жоба 2024 жылы «КОРЭМ» АҚ сауда алаңында өткізілген аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша жүзеге асырылып жатыр.
Сауда-саттық нәтижесінде маневрлік режимде жұмыс істейтін генерация қондырғыларын салу бойынша жеңімпаз ретінде «GES Myrzatai» ЖШС анықталды. Компания қытайлық Dongfang Turbine компаниясымен жалпы қуаты 150 МВт болатын үш G50 газ турбинасын жеткізу туралы келісімшарт жасасты.
Сонымен қатар, жоба аясында жалпы қуаты 60 МВт болатын тағы үш газ турбинасын жеткізу жоспарланып отыр. Қосымша жабдықтарды ескере отырып, жобаның жалпы қуаты 200 МВт құрайды. Газ турбиналарын іске қосу 2027 жылға жоспарланған.
Жобаны іске асыру маневрлік генерацияны дамытуға және өңірдегі энергиямен жабдықтау тұрақтылығын арттыруға бағытталған.
Айта кетелік Қазақстан Қытайдың жоғары технологиялы ауыр газ турбинасына ие болатын алғашқы ел атанғаны туралы жазған едік.