Жамбыл облысында 4 жасар бала бетон тақталары арасында қысылып қалған

Фото: Видеодан скрин

АСТАНА. KAZINFORM — Оқыс оқиға Жамбыл облысы Үлгілі ауылында Смайлов көшесінде болды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.

— Төрт жасар бала көшеде ойнап жүріп, абайсызда бетон тақтайшалардың арасына қыстырылып қалып өздігінен шыға алмаған. Оқиға орнына жедел түрде ТЖМ қызметкерлері барды. Құтқарушылар гидравликалық авариялық-құтқару құралының көмегімен плиталарды ашып, баланы босатты, — делінген хабарламада.

Бұған дейін Қостанай облысы Рудный қаласында лифт ішінде 2012 және 2016 жылғы балалар қамалып қалғанын жазған едік.

Ал Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасында екі бала құтқарылды.