2025 жылғы 4 қаңтарда сағат 23:30-да Жамбыл облысында ауа райының нашарлауына байланысты Алматы — Ташкент — Термез автожолының 159-238 км (Отар ауылы-Қайнар ауылы учаскесі) учаскесінде автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
Қозғалыстың жоспарланған ашылуы — 2025 жылғы 5 қаңтарда, сағат 08:00-де.
Еске сала кетейік, бұған дейін Үшарал — Достық автожолы көліктің барлық түрі үшін жабылғанын жазған едік.