Жамбыл облысында балабақша басшылығы келмеген балалар үшін бюджеттен 45,2 млн теңге алып отырған

Фото: Фото: "Қазақмыс" корпорациясы

ТАРАЗ.  KAZINFORM — Жамбыл облысының прокурорлары ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады. Бұл туралы облыстық прокуратура мәлім етті.

— Қордай ауданының прокуратурасы мектепке дейінгі мекеменің жан басына шаққандағы қаржыландыруға арналған 45,2 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады.  Екі жыл бойы балабақша басшылығы мектепке дейінгі ұйымға мүлдем келмеген балалар үшін заңсыз бюджет қаражатын алып отырған, — делінген хабарламада.

2025 жылғы 11 наурызда ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқыру фактісі аудан прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2)тармағымен тіркелді. 

Тергеп-тексеру Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Департаментіне тапсырылды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Бұған дейін хабарланғандай, Жамбыл облысында «Қазақтелеком» басшыларына қатысты тергеу аяқталды.