Еске сала кетейік, бұған дейін полиция күдіктіні дереу қолға түсіріп, қамауға алған болатын.
Жапа шеккен балалар Тараз қаласындағы Балаларды қолдау орталығына орналастырылып, оларға қажетті психологиялық және құқықтық көмек көрсетілді.
Аталған қылмыстық істің тергеуі Ішкі істер министрінің тікелей бақылауында болды.
Айта кетейік, Жамбыл облысы Талас ауданында кәмелетке толмаған балалар видеоүндеу жазып, өздерін мәжбүрлі жұмысқа жеккенін, қорлық көріп, соққыға жығылғандарын айтқан.
Кейін осы іске қатысты Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пікір білдірді.