Жамбыл облысында барлық бағыт бойынша жол ашық
13:45, 18 Желтоқсан 2023
Бұл жайында жергілікті әкімдік ақпарат таратты, деп хабарлайды Kazinform.
«Жамбыл облысының аумақтарында „Батыс Еуропа — Батыс Қытай“ автожолының 159-дан 238 шақырымына дейінгі бөлігін қоспағанда, барлық бағыттар бойынша барлық жолдар ашық. (Қордай асуын айналып өту), бірақ көліктер ескі асу арқылы жүргені дұры», — делінген мәліметте.
Осыған дейін Жамбыл облысында 1000-нан астам көлік кептелісте тұрғанын жазған болатынбыз.