Жамбыл облысында бас дәрігер буллинг фактісін хабарламағаны үшін жауапқа тартылды
АСТАНА. KAZINFORM - Тараз қаласы прокуратурасы «Komekstopbullying» телеграм-боты арқылы «Аяла облыстық балаларды оңалту орталығында» үш жасөспірімнің екі кәмелетке толмаған балаларға қатысты буллинг фактісін анықтады. Бұл туралы Жамбыл облысы прокуратурасы хабарлады.
Зардап шеккен балалардың анасы бұған дейін оңалту орталығының әкімшілігіне шара қолдану туралы өтініш жазғаны, бірақ оның өтініші жауапсыз қалғаны белгілі болды.
Осыған байланысты, прокуратураның қадағалау актісіне сәйкес 25.12.2024 жылы облыс бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаменті оңалту орталығының бас дәрігеріне ӘҚБтК-нің 127-1-бабы бойынша (кәмелетке толмағандар немесе кәмелетке толмағандарға қатысты заңсыз әрекеттер туралы хабарламау) әкімшілік айыппұл сала отырып, әкімшілік жауапкершілікке тартты, - делінген хабарламада.
Прокуратура кәмелетке толмағандарға қатысты құқықбұзушылық фактілерін жасыруға жол бермеуге баса назар аударады және барлық мүдделі тараптарды балаларды қорғау мәселелеріне көңіл бөлуге шақырады.
Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлықпен күрес департаментіне жаңа басшы тағайындалған болатын.