«Өтініштердің 580-і тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласына қатысты. Өсім – 30,3 пайыз. Электрондық сауда бойынша шағымдар саны 123-ке жетіп, 68,5 пайызға артты. Білім беру қызметтері бойынша өтініштер 3,7 есе көбейіп, 41-ге жетті», – деді департамент басшысының орынбасары Байқадам Дүйсенбаев.
Оның айтуынша, 6 ай ішінде тұтынушыларға 14,6 млн теңге қайтарылған. 101 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, 89 заңбұзушылық анықталған. 35 әкімшілік айыппұл салынған, жалпы сомасы – 1,2 млн теңге.
Айта кетейік, Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы тағайындалды.