Жамбыл облысында бір күнде 45 көлік айыптұраққа қойылды
ТАРАЗ. KAZINFORM – Жамбыл облысында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр.
«Рейдтің бірінші күнінде облыс аумағында 2 593 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. 45 көлік айыптұраққа қойылды. Сондай-ақ мас күйде көлік басқарған 5 жүргізуші жауапқа тартылды, 47 көлік маневр жасау ережелерін бұзды. Бұл ретте 99 жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпаған, ал 17 адам бағдаршамның тыйым салу белгісінен өтіп кеткен», - делінген Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Мұнымен қоса, бұл күні көлікті тиісті құжаттарсыз басқарған 10 жүргізуші анықталған. 268 жаяу жүргінші жолдың белгіленбеген жерлерінен өткені үшін жауапкершілікке тартылған.
Бұған дейін Жамбыл полицейлері мемлекетаралық іздеуде жүрген әйелді ұстағанын хабарлаған болатынбыз.