Тергеу барысында оның ұрланған малдың жетеуін сойып, етін сатып жібергені белгілі болды.
Оқиға Т.Рысқұлов ауданының құмды алқабындағы жайылымда болған. Ер адам жайылымда қараусыз жүрген жылқыларды байқап, оларды иемденуді ұйғарған.
Ол өзіне тиесілі атқа мініп, жылқыларды үйірімен бірге айдап әкеткен. Салдарынан мал иесіне 24 млн теңге көлемінде материалдық шығын келтірілген.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша аса ірі мөлшердегі мал ұрлығы бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Полиция азаматтарды мал-мүлкінің сақталуына жауапкершілікпен қарауға, төрт түлікті қараусыз қалдырмауға шақырды.
Бұған дейін Жамбыл облысында шаруа қожалықтың 300 бас малы ұрланғанын жазған едік.