Жамбыл облысында бұзылып қалған автобустан 15 жолаушы эвакуацияланды
09:11, 16 Желтоқсан 2024
АСТАНА. KAZINFORM - Түнде «Алматы-Түркістан» тас жолында жолаушылар мінген автобус бұзылып, Жамбыл облысы Аса ауылы ауданында тұрып қалған.
Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, ТЖМ қызметкерлері бұзылған автобустан жақын маңдағы жылыту пунктіне 15 жолаушыны, оның ішінде 3 баланы жеткізді.
- Төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне қоңырау шалыңыз – делінген министрлік таратқан хабарламада.
Осыған дейін Алматы облысының Көкпек пен Кеген ауылының аралығындағы жол жабылғанын хабарладық.