Жамбыл облысында қауіпті қалдықтарға қатысты заң бұзу анықталды

Фото: Жамбыл облысының прокуратурасы

ТАРАЗ. KAZINFORM – Жамбыл облысында прокурорлар қауіпті өндірістік қалдықтармен жұмыс істеу барысында заң бұзуды анықтады. 

Облыс аумағындағы едәуір кәсіпорындардың қызметінің нәтижесінде қауіпті қалдықтар, оның ішінде пайдаланылған жабдықтар мен майлар, бұрғылау қалдықтары, сондай-ақ құрамында қауіпті заттары бар басқа да қалдықтар пайда болатыны анықталды.

Өңірде қауіпті қалдықтарды жою үшін мамандандырылған полигондардың жоқ болуына байланысты кейбір табиғат пайдаланушылар «сұр схемаларды» қолдануға жүгінгенін талдау көрсетті.

Экология департаментіне қауіпті қалдықтарды қайта өңдеу және жою үшін үшінші ұйымдарға беру туралы есептер ұсынылған.

Алайда қалдықтар тиісті лицензиясы жоқ кәсіпорындарға берілгені немесе қалдықтарды қабылдау және жою қызметтері бойынша келісімшарттардың формальды сипатта болғаны және орындалмағаны анықталды.

Салдарынан қауіпті қалдықтар арнайы полигондарға бақылаусыз тасталған.

Қадағалау актісі бойынша бейінді департамент 8 кәсіпкерлік субъектісіне қатысты ӘҚБтК-нің 344-бабының 4-бөлігі бойынша жалпы сомасы 5 млн теңгеге жуық айыппұл салды.

Сонымен қатар, қауіпті қалдықтарды басқару саласында заңбұзуға жол берген объектілердің операторларымен бұрын жасалған қалдықтарды жою туралы келісімшарт бұзылды.

Айта кетелік Орал мен Ақсайда қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны неліктен салынбай отырғаны туралы жазған едік