Жамбыл облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды

Фото: Фото: Kazinform

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM - «ҚазАвтоЖол»  ауа  райының қолайсыздығына байланысты Жамбыл облысында жол қозғалысының шектелгенін  хабарлады.

- 2024 жылғы 16 желтоқсан сағат 21:00-де Жамбыл облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Алматы-Ташкент-Термез» автожолының 159-238 шақырымы аралығында (Кенен ауылынан Қайнар ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды. Жолды ашу 17 желтоқсан сағат 08:00-ге жоспарланған, - делінген хабарламада.

Еске салайық осыған дейін ауа райының бұзылуына байланысты СҚО-да жол жабылғанын жазғанбыз.